Астанада ағасын өлтіріп, үш бірдей әпкесін пышақтап тастаған 21 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, 21 жастағы жігіт туысқанын өлтіріп, үш әпкесін пышақтап тастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, туыстар арасында мобильді ойынға байланысты жанжал туындаған.
“Жігіттің жалғыз ермегі Standoff 2 ойыны болған, ойында жауларды өлтіруге, оқ атуға, граната лақтыруға, адамдарды пышақтап тастауға болады. Тергеушілердің айтуынша, қанды қылмыс болған түні жас жігіт үздіксіз сүйікті ойынын ойнаған. Түнгі сағат 3.00 шамасында әпкес одан телефонын өшіріп, төсекке жатуын талап еткен, өйткені ол уақытта бүкіл отбасы демалып жатқан, алайда жігіт оның өтінішіне құлақ та аспайды”, - делінген хабарламада.
Жанжалға осы жағдай себеп болуы мүмкін.
“Барлығы ұйықтап жатқанда жас жігіт асхана пышағын алып, өзіне ұрысқан әпкесінің баласына 20-дан астам рет пышақтап тыққан. Алған жарақатынан 28 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Оның айғайынан қалған туыстары да оянып өре түрегелгенде, күдікті оларға да пышақпен шабуылдаған. 50 жастағы әйелдің беті мен мойнында бірнеше пышақ жарақаты бар, ал қылмыскердің 60 жастағы тәтесінің қабырғасы сынған, кеудесінде және денесінің басқа бөліктерінде терең жарақаттар бар”, - делінген хабарламада.
ПОЛИЦИЯ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ
“Күдікті елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының оған қатысты айтқан ескертуі себеп болған”, - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?
Дәрігерлер қазіргі таңда түрлі жарақатпен ауруханада жатқан 3 туыстың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деді.
"№1 қалалық ауруханасының жалпы хирургия бөліміне жеткізілген кезде үш науқастың да жағдайы ауыр болды. Ем-дом алып, ота жасатқаннан кейін жағдайы жақсарды. Үшеуіне де қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Науқастар ары қарай ем алуын жалғастырады", - делінген дәрігерлер хабарламасында.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.