homepage
Көрнекі фото: ҚР ДСМ

Ақтөбе перзентханасында жаңа туған нәрестені сату дерегі тіркелді

20.01.2025, 08:46

Ақтөбе қаласындағы перзентханалардың бірінде бала сатуға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бастапқыда бұл туралы ақпарат әлеуметтік желі бетттерінде таралған болатын.

Полиция аталған жайтты растады.

"Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің брлық мән-жайы мен қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.