homepage

"Өзіне оқ атқан": Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапты

Juzmedia. kz
17.01.2025, 14:15

Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында 18 жастағы сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бастапқыда әскер қатарына жақында ғана шақырылған сарбаздың кеуде тұсына тиген оқтан қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.

“Армия KZ. Другая правда” telegram-каналының ақпаратына сұйенсек, қайғылы оқиға 15 қаңтарда сағат 13.00 шамасында Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 12740 әскери бөлімінің полигонында болған. 2Б-11 минометімен оқу-жаттығу кезінде 2006 жылы туған әскер қатарына шақырылған қатардағы жауынгер Құрманбек АК-74 автоматын жерге қойып сүйеніп тұрған кезде абайсызда өзіне оқ атқан. Соның салдарынан сарбаз қайтыс болды”, - делінген хабарламада.

Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі оқиғаның 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында болғанын растады. Далалық оқу-жаттығулары өтіп жатқан кезде сарбаз қарумен жұмыс істеу ережесін бұзып, оқ жарақатын алған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсетті. Әскери бөлім қолбасшылығына қандай да бір арыз, шағым айтқан емес. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындады”, - делінген ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.