Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное, Ольшанка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Juzmedia ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы өңірге арнайы келіп, ТЖМ бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Қорғаныс құрылыстарын нығайту, су айдау және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды тасқын сулардан қорғау бойынша қажетті шаралар қолға алынған.
Облыста су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылып, ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, барлық күштер мен құралдар жағдайды бақылауда ұстауға және елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.