Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты кеше кешке мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Кремль сайты кездесуде не талқыланғанын жазбаған. Тек бірнеше фото ғана жариялаған.
Назарбаев пен Путин бұған дейін 2024 жылғы 13 желтоқсанда Мәскеу облысындағы Ново-Огарево резиденциясында кездескен болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті, елді 30 жыл басқарған ол 2019 жылғы наурызда өз еркімен отставкаға кетті.