7 сәуірде «Орда Аймақ» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Juzmedia.
Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарлама негізінде1 млн-нан 75 млн теңгеге дейін несие берілмек.
"Бағдарлама арқылы салынып жатқан тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша ҚР кепілдігімен сатып алу мүмкіндігі беріледі. Үлескер инвестициясы қорғауға алынады: құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда ҚТК үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді", - делінген хабарламада.
Өтініштер «Отбасы банкі» арқылы қабылданады. Сонымен бірге, қарыз алушының осы банкте депозиті болуын талап ету және тұрғын үйдің қолжетімділігін шектеу «Орда Аймақ» бағдарламасына қолданылмайды.
Сыйақы мөлшерлемесі 15,9%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,26-дан 22,81%-ға дейін, ал бастапқы жарна 20%-дан болады. Несиелер 1 жылдан 75 миллион теңгеге дейінгі сомада бір жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Қосымша ақпаратты homeportal.kz сайтынан немесе ҚТК call-орталығына +7 (7172) 79-75-75 және 8 (800) 080-44-48 телефондары арқылы хабарласыңыз.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.