homepage
Фото: freepik.com

Алматы облысында орман қорықшысы ер адамның аяғына оқ атты

08.04.2025, 13:38

Алматы облысында орман қорықшысы мен белгісіз ер адамның арасындағы жанжал оқ атумен аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz ZTB телеграмм каналына сілтеме жасап.

Бейресми ақпарат бойынша, жанжалдың себебі – жазық далада жағылған от болуы мүмкін.

Видеодан ер адамдардың ауызша сөзге келіп қалған соң, орман қорықшысының мылтығын оқтап, сондағылардың бірінің аяғына оқ атқаны көрінеді.

Алматы облыстық полиция департаменті орманшының ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

«Қасақана денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал екі тарап арасындағы өзара келіспеушілік салдарынан туындаған», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.