Степногорск қалалық соты кәсіби міндетін орындау барысындағы медицина қызметкерінің (жедел жәрдем фельдшерінің) денсаулығына жеңіл зиян келтірген үшін жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Juzmedia.
СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ
Сотта анықталғанжай, жедел жәрдем фельдшері О. эпилепсия ұстамалары бар пациентке медициналық көмек көрсету үшін келген. Үйдің ауласында В. және басқа да адамдар жедел жәрдем бригадасының шақыруға ұзақ уақыт бойы келмегеніне наразылық білдіріп, фельдшермен ауызша қақтығысқа келіп қалды.
«Пациентке медициналық көмек көрсету үшін О. оны жедел жәрдем көлігінің кіргізгенде, онымен бірге В. кіруге талпынған. Фельдшер оның пациенттің жақын туысы еместігіне сілтеме жасап, оған кіруге кедергі жасады. Кіргізбегені үшін В. фельдшердің бетін жұдырығымен соғып, оған жеңіл дене зақымын келтірген», - делінген сот хабарламасында.
СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ
Сот үкімімен В.-ға мінез-құлқына ерекше талаптар қойыла отырып, 400 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалды.
Сотталғаннан 90 мың теңге материалдық және 500 мың теңге моральдық зиян О.-ның пайдасына өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.