Астанада «Самұрық-Қазына» қорының отандық өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстарға арналған брифинг өтті. Жиын барысында Қордың басқарушы директоры Николай Казутин 2024 жылғы сатып алулардың аралық қорытындысын жариялады.
Оның айтуынша, өткен жылы Қор компаниялары отандық өндірушілермен, соның ішінде жұмыстар мен қызметтер құрамындағы тауарлар бойынша, жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден астам келісімшарт жасасқан. Оның 494 млрд теңгесі ұзақмерзімді келісімдерге тиесілі. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ға жоғары, ал 2022 жылғы көлемнен жеті есе көп.
2025 жылдың қаңтар–мамыр аралығында 433,3 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Жыл соңына дейін бұл көлемнің 25%-ға ұлғаюы күтіледі.
Казутиннің айтуынша, сатып алу тәртібінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған 16 нақты шара қарастырылған. Олардың қатарында – сөзсіз басымдық беру, офтейк-келісімшарттар жасау, жедел төлем және алдын ала төлем секілді тетіктер бар.
2024 жылы офтейк-келісімшарттар саны күрт өсіп, жалпы 191 млрд теңгеге 367 келісім жасалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Мұндай келісімдер жаңа өндірістерді іске қосуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 500-ден астам жұмыс орны құрылып, 150 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.
Ал 2025 жылдың алғашқы бес айында 115 млрд теңгеге 148 офтейк-келісімшарт бекітілген. Қазір тағы 24 жоба әзірлік үстінде, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 210 млрд теңгеге жетуі мүмкін.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.