homepage
polisia.kz

ШҚО-да экс-полицей балаларға сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінді

28.03.2025, 12:23

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты бірнеше мәрте жыныстық зорлық-зомбылқ жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Juzmedia.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

«Письма Президенту» Telegram-арнасында ШҚО Алтай ауданының полиция бөлімінің тергеушілері 16 жасқа толмаған екі тұлғаға қатысты бірнеше мәрте жыныстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша 29 және 35 жастағы екі ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қылмыс жасалған кезде олардың бірі ҚР ішкі істер органдарының белсенді қызметкері болған», - делінген хабарламада.

ПОЛИЦИЯ ПІКІР БІЛДІРДІ

Аталған дерекке қатысты ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, қазіргі таңда 29 жастағы Д. мен бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген 35 жастағы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар А. Жұмағұловтың ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз", - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша кешенді шара жүргізіліп жатыр.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.