homepage
Фото: видеодан алынды

Шерзат соты: сот судья Ержан Жанұзақовты істен шеттетпеуге қаулы шығарды

Juzmedia. kz
28.05.2025, 15:03

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінде Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов Абзал Шынасылдың қорғаушысы Әбеновтің судья Ержан Жанұзақовқа шағымын қарап, сот қаулысын шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Абзал Шынасылдың қорғаушысының айтуынша, Шынасыл оқиға орнына соңында келді деген дерекке мемлекеттік айыпталушылар қарсы шығып, өз нұсқаларын ұсынған. Видеоларға сәйкес емес жерлерді анықтауға өзі сарапшы мен тергеуші шақыруға өтініш түсірген. Алайда сот оған рұқсат бермеген.

Сотта сотталушы мен қорғаушы адвокаттардың көбі шағымданушы адвокатты қолдады.

Мемлекеттік айыптаушылар Әбеновтің арызының орынсыз екенін айтып, судьяны ауыстырмауды ұсынды.

Алматы облысының ауданаралық сотының судьясы Асқар Бейімбетов іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовты істен шеттетпеуге қаулы шығарды.