homepage
primeminister.kz

Енді 6 жасқа толған балалар жаз аяқталғанша балабақшаға бара алады

26.02.2025, 14:09

Қазақстанда енді 6 жасқа толған балалар жаз аяқталғанша, яғни 31 тамызға дейін балабақшаға бара алатын болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ДАЯРЛЫҚ ТОБЫН АЯҚТАҒАН БАЛАЛАР 1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН БАЛАБАҚШАҒА БАРА АЛАДЫ

Мәжілістің «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» отырысында белгілі болғандай, енді балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады.

Бұл норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады.

«Түзету мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

ТҮЗЕТІЛІМ АТА-АНАЛАР ШАҒЫМЫНАН СОҢ ЕНГІЗІЛДІ

Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.

«Түзетулер Оқу ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.