Ақмола облысының Есіл қаласында үш баланың анасы отадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҮЙДЕГІ БАЛАЛАРЫН ОЙЛАП, АУРУХАНАҒА ЖАТУДАН БАС ТАРТҚАН
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, 27 қаңтарда аудандық ауруханаға төртінші баласына жүкті әйел түскен. Жүктілігі сегізінші апта болған әйелен қан кете бастаған. Оған құрсағындағы баласының жүрегі тоқтап қалған дегендиагнозбен ота жасалған.
“Отыз жастағы ана үйде кішкентай балалары күтіп қалғандықтан, ауруханада ұзақ уақыт жатудан бас тартқан”, - делінген хабарламада.
АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАЛАҒАН СОҢ ҚАЙТАДАН ҚАН КЕТКЕН
Дәрігерлердің айтуынша, медициналық қызметкерлер әйелмен сол күндері үздіксіз байланыста болған және оның еш шағымы болмаған. Алайда әйел 29 қаңтарда ауласында қар тазалап, соның салдарынан қайта қан кете бастаған.
Жедел жәрдеммен Есіл ауруханасына жеткізілген келіншекке дәрігерлер ішкі қан кетуге байланысты ота жасағанымен, ол көп ұзамай қайтыс болып кеткен.
ПОЛИЦИЯ ТЕРГЕУ БАСТАЛҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ
Полиция өкілдері 1993 жылы туған әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
“2025 жылдың 27 қаңтарында марқұмның аудандық аурухананың гинекология бөліміне түскені, оған ота жасалғаны алдын ала анықталды. Сол күні әйел өз өтініші бойынша үйіне шығарылған, алайда 29 қаңтарда ол медициналық мекемеге жеткізілу кезінде қайтыс болды”, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Аталған қылмыстық істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ материалдар тиісті тексеріс жүргізу үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.