Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ӨЗГЕРІСТЕР САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУДІ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН
Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІ ҚҚС ТӨЛЕМЕЙДІ
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, бөлшек саудада (дүкендер, мейрамханалар, киім-кешек және аяқ киім сатушылар) ештеңе өзгермейді – олардың жылдық табысы 2,4 миллиард теңгеден аспаса, тауар айналымының 4 пайызын төлеуді жалғастырады.
«Ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС төлемейді, бұл баға деңгейіне оң әсер етеді», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Сенат отырысында.
Еске салайық, Қазақстан Үкіметі қосымша құн салығының қолданыстағы ставкасын көтеруді және осы салық бойынша тіркеу шегін төмендетуді ұсынған болатын. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, министрлер кабинетіне мөлшерлеме мәселесін одан әрі пысықтауды тапсырды.