homepage

СҚО-да үй өртеніп, жалғызбасты әке 4 баласымен қаза тапты

Juzmedia. kz
Бүгін, 15:55

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан 4 бала мен олардың әкелері қаза тапты. Ақпаратты облыстық ТЖД растады, деп хабарлайды  Juzmedia.kz.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

ТЖД кезекшілер бөліміне өрт туралы қоңырау 22 қаңтар күні сағат 23:27-де түскен. Екі сағаттан кейін құтқарушылар өртті оқшаулап үлгерген. Өрт сөндіру жұмысы қатты желдің салдарынан қиындап кеткен.

Өрт 104 шаршы метрді құрайтын үйді толықтай шарпыған.

“Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранып жатты. Өрт салдарынан шатыры мен төбесі опырылып түскен. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың мәйіті табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр”, - деп СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық ауыздықтаған.

ОТБАСЫНЫҢ БІР БАЛАСЫ ҒАНА АМАН ҚАЛДЫ

Белгілі болғандай, Шал ақын ауданы Ступинка ауылында тұрған жалғызбасты әке үш қыз бен екі ұл баланы тәрбиелеп отырған. Отбасындағы ұлдардың үлкені – 16 жастағы жасөспірім Петропавлдағы колледждердің бірінде білім алып жатқан көрінеді. Қайғылы оқиға кезінде ол үйде болмаған.

“40 жастағы әке жергілікті шаруа қожалығында жұмыс істеп, балаларын жалғыз бағып келген. Үлкен қызы 18 жаста, кішісі небәрі жетіде болған. Ал отанасы 2018 жылы қайтыс болған”, - деп жазады Qazmedia.kz басылымы.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің тапсырмасы бойынша оқиға орнында оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.