homepage

Алматыда АҚШ үкіметіне жалға жер беріледі

Juzmedia. kz
22.01.2025, 16:01

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісім жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Депутат Айгүл Құспан айтуынша, бұл келісімге 2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.

"Келісімнің мақсаты - Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесіне үй-жай салу үшін жалға берілетін жер учаскесін ұсыну туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.  

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.