Түркияның солтүстік-батысында 12 қабатты қонақүйде түнде өрт шығып, 66 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де өрт шыққан.
Ағаштан жасалған ғимараттың төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында басталған өрт бірден тарап кеткен.
Қонақүй Болу орталығынан біршама қашықта орналасқан. Әрі азды ауа райы өрт сөндірушілерге оқиға орнына жету үшін бір сағаттан астам уақыт кеткен.
ӨРТ САЛДАРЫ
Түркияда ұлттық екі апталық мектеп демалысының басталуы және шаңғы маусымы қызған уақыт болғандықтан, қонақүйде 234 адам болған.
Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, кемінде 66 адам қаза тауып, 51 адам жараланған. Қаза тапқандардың екеуі терезеден секірген кезде көз жұмған.
“Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр”, - деп атап өтті Али Йерликая.
Өрт 10 сағаттан соң ауыздықталды. Төрт адам ұсталды
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Қайғылы оқиғаның себептеріне қатысты тергеу басталып, бұл мақсатқа алты прокурор тағайындалды.
Төрт адам, оның ішінде қонақүй иесі ұсталды
ЕРДОҒАН ҚАРАЛЫ КҮН ЖАРИЯЛАП, КӨҢІЛ АЙТТЫ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өрт салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты Ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Бұл туралы президент Анкарада үкімет отырысының қорытындысы бойынша мәлім болды.
“Түркия мемлекетінің басшысы Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйлердің бірінде болған өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі”, - делінген хабарламада.
Президент Карталкаядағы өртке кінәлілердің барлығы заң шеңберінде жауап беретініне сендірді.
Сәрсенбі, яғни 2025 жылдың 22 қаңтары күні Түркиядағы және шетелдік өкілдіктердегі мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.