Ақтөбе қаласындағы перзентханалардың бірінде бала сатуға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бастапқыда бұл туралы ақпарат әлеуметтік желі бетттерінде таралған болатын.
Полиция аталған жайтты растады.
"Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің брлық мән-жайы мен қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.