homepage

Қаңтар оқиғасы кезінде қырғыз әншісін азаптаған полицейлер сотталды

Juzmedia. kz
17.01.2025, 21:44

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында 2022 жылдың қаңтарында арнайы қабылдағышқа қамалған 44 азаматтың азапталуына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сот ұсталғандарға азаптау әрекетттерін қолданды (ҚК 146-бабының 1-бөлігі) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 1-бөлігі) деп айыпталған құқық қорғау органдарының 6 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ?

“2022 жылдың қаңтарында 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары УП арнайы қабылдағышына орналастырылды.

Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азапталды”, - делінген Қарасай аудандық сотының хабарламасында.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.

СОТ ШЕШІМІ

Сот 6 экс-полицейді: Бауыржан Сопақовты, Арман Шойбековті, Берік Әбілбеков (Алматы қалалық ПД бастығының бұрынғы орынбасары), Олжас Айдархановты, Серік Тұрпановты және Нұрсұлтан Хамитовты кінәлі деп тапты.

“Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде және ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша әрқайсына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды, сондай-ақ арнаулы атақтарды атқару құқығынан айырылды”, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетерлігі, Қошмамбетте азапталғандар арасында  Қырғызстан әншісі Викрам Рузахунов та болған. Ол материялдық және моральдық өтемақы ретінде қазақстандық полиция қызметкерлерінен 61 миллион талап етті.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.