homepage

Мәйіттерді қорлаған: Алматыда мәйітхана күзетшісіне сот үкімі шықты

Juzmedia. kz
17.01.2025, 16:34

Алматы мәйітханасында мәйіттерді қорлаған ер адамның ақыл-есім дұрыс емес деп танылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ЕР АДАМ МӘЖБҮРЛІ ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРІЛДІ

Сотта ер адамның мәйіттерді бірнеше мәрте қорлағаны, яғни 2023 жылдың 28 сәуірінен 2023 жылдың 10 қазанына дейін марқұмдардың интимдік жерлерін бірнеше рет қолымен ұстағаны және өз әрекетін видеоға түсіргені анықталды. Оның әрекеті “өлгендердің денесін қорлау” бабы бойынша қаралды.  

Сот сараптамасы қорытындысына сәйкес психикасында ауытқуы бар деп танылған ер адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шараларды қолдану ұсынылды.

ЕС-ТҮССІЗ ЖАҒДАЙДА БОЛҒАН

Сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, сот ер адам өз әрекетін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған және созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамға қауіптілігін түсіне алмайтыны немесе оларды басқара алмайтыны туралы қорытындыға келді.

“ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабының (ақыл-естің дұрыс еместігі) негізінде Б. 314-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы (Марқұмдарың мәйіттерін және олардың жерленген жерлерін қорлау) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылсын және іс жүргізу тоқтатылсын. 91 және 93-баптарға сәйкес сотталушыға қатысты мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын”, - делінген сот қаулысында.

КҮЗЕТШІНІҢ ЖАҒА ҰСТАТАРЛЫҚ ӘРЕКЕТІ ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

Еске салайық, 2024 жылдың сәуір айында мәйітхана күзетшісі мәйітханада мәйіттерді қорлағаны белгілі болды. Белгілі болғандай, Алматының мәйітханасында жұмыс істеген күзетші ұялы телефонын кепілге қою үшін ломбар қызметіне жүгінген. Алайда ер адамнан телефонның өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін телефондағы суреттер сақталатын нүктені басуды сұраған ломбард қызметкері қайтыс болған адамдардың жаға ұстатарлық фотолары мен видеоларын көрген.

Ломбард қызметкерлері дереу полицияға хабарласып, көп ұзамай мәйітхана күзетшісі ұсталған болатын.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.