Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесінде жәбірленуші тараптардың бірі өз мүддесін қорғап келген адвокаттардың қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, өзі мен жұбайы Олег Чернов жәбірленуші тарапқа тегін заң көмегін көрсеткен.
Адвокаттың айтуынша, олар сот барысында қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуді талап етіп, куәларды шақыруға, маңызды сұрақтарды көтеруге және әрбір деректің тексерілуіне күш салған.
«Біз бұл шешімді құрметтейміз және бізге сенім артқаны үшін алғыс айтамыз», – деп жазды Анна Чернова.
Сонымен қатар ол жәбірленушілердің барлығы айыпталушымен татуласқанын, материалдық өтемақы алғанын және соттан оған бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұрағанын атап өтті.
Бұған дейін осы іс бойынша тағы бір жәбірленуші тараптың адвокат Мейрман Шекеев қызметінен бас тартқаны хабарланған еді.
Қаза тапқан азаматтың туыстары мен жол апатында көз жұмған қыздардың аналары да айыпталушыға қатысты бас бостандығынан айырумайтын жаза тағайындауды сұраған.
Еске салайық, қайғылы жол апаты биыл 21 наурызға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған.
Тергеу мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Келесі отырыстардың бірінде айыпталушыдан жауап алу жоспарланған.