homepage
Видеодан кадр

Көкшетаудағы жол апаты: жүргізушінің куәлігі болмаған

12.05.2026, 09:11

Көкшетауда адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына себепкер болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және ол көлік жүргізу курсын ешқашан оқымаған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға салдарынан жалғызбасты ана көз жұмған болатын. Осыдан кейін күдіктіге қатысты адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар тергеу аясында жол талғамайтын көліктің иесіне – күдіктінің жұбайына қатысты да жеке іс тіркелді.

Тергеу мәліметінше, ол көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға басқаруға берген.

Сот шешімімен күдікті әйел тергеу кезеңінде үйқамаққа алынды.