homepage
Bizmedia.kz

"Жалғызбасты ана болған": Көкшетауда әйел адамды көлік қағып өлтірді

10.05.2026, 14:21

Көкшетауда тұрғын үй ауласына кіреберісте болған жол апаты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік ауладағы автотұраққа кіріп бара жатқан сәтте әйел адамды қағып кеткен.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені анық көрінеді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік тізгінінде болған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Үй тұрғындарының айтуынша, қаза тапқан әйел 12 жастағы баласын жалғыз өзі асырап отырған.