homepage
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Халықаралық есірткі арнасының күлі көкке ұшты: ҰҚК операциясы

30.03.2026, 12:42

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет елдердің арнайы қызметтерімен бірлесе отырып, ірі көлемде есірткі тәркілеу операцияларын жүзеге асырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жыл басынан бері есірткі тасымалының 11 халықаралық және 3 аймақтық жолы жабылып, 5 астыртын зертхана жойылды.

"Шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау барысында 10 халықаралық есірткіге қарсы операция өткізілді. Нәтижесінде 240 килограмға жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг опий, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсор бар", — деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ірі есірткі арнасының жолы кесілген болатын. Жезқазған – Қарағанды тас жолында құны 3 миллион доллар болатын есірткіні тасымалдаған бес адам ұсталғанын хабарлаған едік.