homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Ұлытау облысында 300 келі есірткі тәркіленді

30.03.2026, 09:39

Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысында есірткі тасымалының жолын кесті. Polisia.kz ақпараттық порталының мәліметіне сай, арнайы операция нәтижесінде еліміздің оңтүстік аймақтарынан бастау алған заңсыз арна жойылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жезқазған – Қарағанды тас жолында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдауға қатысы бар деген күдікпен бес адамды қолға түсірді. Күдіктілер топ болып әрекет етіп, жол бойындағы бағытты өз бақылауында ұстаған.

Көлікті тінту барысында салмағы 300 келіден асатын марихуана салынған 13 ірі пакет табылды. Мамандардың есептеуінше бұл көлем шамамен миллионға жуық бір реттік дозаға тең.Тәркіленген тауардың қара нарықтағы құны 3 миллион АҚШ доллары.

 Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.