homepage

Министр Талғардағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Juzmedia. kz
07.10.2024, 20:09

Әлеуметтік желідегі парақшасында Ішкі істер министрлігінің басшысы барлық жағдай өз бақылауында екенін мәлімдеді.

«Менің бірінші орынбасарымның басшылығымен Ішкі істер министрлігінің бір топ қызметкерлері тергеудің толық және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық кінәлілер лайықты жазасын алады», - деп жазды Сәденов.

Айта кетейік, бүгін, 7 қазанда Ішкі істер министрлігі басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Әленов тағайындалды. 

Желіде  Талғарда болған төбелестің видеосы тарап кеткен еді. Полицияның мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Талғарда  болған жанжал төбелеске ұласқан. 

Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Марқұм Шерзаттың отбасы кісі өлтіруге қатысқандардың барлығын ұстап, жазалауды талап етіп отыр.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.