15 қазан сағат 10-нан 10 минут өткенде Сарысу разъезі маңындағы жеке жолдарда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан. Нәтижесінде бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Апат Жезқазғаннан 65 шақырым жерде "Қазақмыс" ЖШС аумағындағы теміржолда болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Сұрған станциясында жүк пойызы рельстен шығып шығып кеткен еді.