homepage

Қарағандыда ер адам өгей қызының арызы бойынша 20 жылға сотталды

Juzmedia. kz
14.12.2024, 12:47

Қарағанды ​​тұрғыны Евгений Кулагин 12 жастағы өгей қызына зорлық көрсетті деген айыппен 20 жылға сотталды. Қыз бала бұл қылмыс үшін анасының жаңа күйеуін айыптағанымен, артынша өз мәлімдемесінен бас тартқан, бірақ сот күдіктіні бәрібір жауапқа тартқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Patriotnews.kz жазуынша, қыз бала өгей әкесінің үй жинатып, ыдыс жууға мәжбүрлейтінін айтып шағымданғанда, қыздың өз әкесі оған арыз жазу туралы кеңес берген. Бастапқыда сараптама қыздың сөзін растамай, өгей әкесі оған тиіспегенін және қыздың бәрін өзі ойлап тапқанын айтқан. Бірақ Киров полиция бөлімінің қызметкерлері табандылық танытып, қосымша сараптама тағайындайды. Бұл жолы сарапшылар зорлық-зомбылық белгілері бар екенін анықтаған. Бірақ сотталған Евгений Кулагиннің туыстары бұл тұжырымға сенбейді. Ал жәбірленуші ретінде танылған жасөспірімнің өзі тергеушілердің уәжін жоққа шығарып отыр.

«Күйеуімнің кінәсін дәлелдейтін еш айғақ жоқ. Қылмыстық іске айғақ зат  ретінде тіркелген іш киім қызыма тиесілі емес. Оның мұндай іш киімі болған емес», - дейді Евгений Кулагиннің әйелі Юлия.

ҚЫЗ БАЛА ӨЗ СӨЗІН ЖОҚҚА ШЫҒАРҒАН

Адвокат қыздың өгей әкесі туралы хабарлаған соң келесі күні өз айтқандарынан бас тартқанын айтты.

«Біз көп мәлімет бере алмаймыз, өйткені іс жабық есік жағдайында қаралды. Сотталушыға кім шығарылып, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот тек айыптау негізінде өтті. Кінә, біз ойлағандай, мүлдем дәлелденген жоқ. Бастапқыда ештеңе көрсетілмеген сараптамалық қорытынды болды. Содан кейін тергеуші еш себепсіз қосымша сараптама тағайындайды, сөйтіп ол сараптама қорытындысында менің қорғауымдағы азамат күдікті делінген. Іс бойынша менің қорғауымдағы тұлғаның кінәсіздігін дәлелдеуге бағытталған 12 өтініш берілді. Бірақ барлық өтініш қабылданбады. Қыз бала өгей әкесіне жала жабуды оның өз әкесі өтінгенін түсіндіреді. Оған себеп көп болуы мүмкін», - дейді адвокат Илья Махлов.

ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ КҮЙЕУІН ЖАҚТАҒАН

Адвокат Махловтың айтуынша, тергеуші немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерінің бірі Евгений Кулагиннің әйелінің қолтаңбасын қолдан жасаған.

«Мен клиентімнің әйелінен сұхбат алдым. Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша ондай мүмкіндік берілген. Ол өзіне де, күйеуіне де физикалық және моральдық қысым жасалғанын айтты. Сонымен қатар жауап алу хаттамасында оның қолы жалған болып шыққан. Бұл қылмыстық іс материалдарын бұрмалау болып саналады. Бұл туралы сотта айттық, арыз жаздық, бірақ өтініштеріміз ескерілмей қалды. Сонымен қатар қандай да бір себептермен сот залында қыздың өз анасы болса да, оның орнына қорғаншылық органының өкілі болды. Ал анасына ата-ана құқығынан айырылмаса да, еш құқығы шектелмесе де, сотқа қатысуға рұқсат етілмеді. Әкесіне де, анасына да сот отырысына толық қатысуға мүмкіндік бермеді. Біз осыны түсіне алмадық», - дейді заңгер Илья Махлов.

СОТ ҮКІМІ ҚАЙТА ҚАРАЛМАҚ

20 жылға бас бостандығынан айыру үкімін Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының судьясы Галина Жилина шығарды.

Адвокат Махлов пен Евгений Кулагиннің туыстары сот кеңсесіне апелляциялық шағым түсірді. Олар үкімді толық негіздеуді сұрайды. Өгей қызы сотта сөз сөйлеп, оқиғаға қатысты өз шындығын айтуға дайын.

Жақын арада Қарағанды ​​облыстық сотында судья Галина Жилинаның үкімі зерттелмек.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.