Теміртауда Нұра өзенінде алты жасар бала мұз астына құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ӘЖЕСІМЕН СЕРУЕНДЕП ЖҮРГЕН
Ekaraganda.kz жазуынша, қайғылы оқиға 13 желтоқсанда болған.
«112 нөміріне пультіне Нұра өзені арқылы өтетін көпір аймағында ересектердің қарауынсыз қалған кішкентай баланың мұзға құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Алайда қалалық Instagram-пабликтерде жарияланған ақпараттарда қайғылы оқиғаның баланың әжесімен серуендеу кезінде болғаны айтылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жетті.
Өкінішке қарай, 2018 жылы туған баланы құтқару мүмкін болмады. Мамандар баланың денесін судан алып шықты.
Ведомство оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салады: