Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
«23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.