homepage
istockphoto.com

Оқ атқан: Ақтөбе гарнизонында сарбаз қаза болды

24.11.2024, 05:43

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскер қызметшісі – сарбаз қарауыл қызметін атқарып жүріп қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

«Биылғы 23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өзіне қол жұмсады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы көз жұмған әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.