homepage

«Қылмыс жасаған – ол, жылап қалған – біз»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі шындығын айтты

Juzmedia. kz
25.09.2024, 21:00

«Менің бір жылым» деп атаған ол өз постында кезіндегі таңдауы үшін биылғы жыл жауапкершілікке толы болғанын жеткізді.

«Тіпті 20 жыл бұрын мен оған тұрмысқа шығып, өмірге бала әкеліп жан түршігерлік қылмыс жасаған адамды таңдадым. Қылмысты жасаған ол, бірақ балаларыммен бірге біз жылап қалдық. Балаларым жастайынан талай нәрсені көрді: маңызды шенеунікке айналған әке, одан кейін түрмеге түсуі, әке-шешесінің ажырасуы, әкесінің тойы, жас әйелге көрсеткен қатыгездігі...және бір сұмдық қылмыс», – деп жазды Назым Қаһарман.

Назым Қаһарман Қуандық Бішімбаевтың балаларына анти-үлгі болғанын атады.

«Осы жыл олардың да, менің де өмірімдегі ең қиын кезең болды. Мен 42 жастамын, ал олар бар болғаны онда, он екіде және он төртте. Менде ішкі қолдау, тәжірибе, рефлексия, сенімділік бар. Бірақ балалар үшін мұның бәрі енді ғана қалыптасып келеді, ал теориялық тұрғыдан алғанда, бұл процеске әке қатысуы, тірек болуы керек. Бірақ оның орнына ол оларға зиян келтіріп, қандай болмау керек деген үлгіге айналады. Олардың көзінше әйеліне күш көрсеткенде полиция шақырмағаны үшін әлі күнге өздерін ұятты, кінәлі сезінеді», - деп атап өтті Бішімбаевтың бұрынғы әйелі.

Ол өзінің материалдық құндылықтарға қатысты ұстанымы Бишімбаевтар отбасына ұнамайтынын да жеткізді. Оның айтуынша, балалардың психикалық жағдайы мен денсаулығы әлдеқайда маңызды.

«Ешқандай ақша жарымжан психиканы түзете алмайды немесе оны бақытты ете алмайды. Бұған Қуандық айқын мысал бола алады. Біз өмір сүрген әлеміміз күйреп, тек - өмірлік ұстанымдар, жақын адамдар, достар, махаббат, өмір сүруге және бақытты болуға деген ұмтылыс қалды. Осы «бағандармен» біз жаңа өмірімізді құра бастаймыз», - деп түйіндеді сөзін Назым Қаһарман.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.