homepage
Фото: ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы

Алматы тауынан ер адамның мәйіті табылды

23.09.2024, 06:51

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп, қаза тапқан адамды тасымалдау бойынша операция жүргізді. 

30 жастағы ер адамның денесі Алматы-Алагир асуына жақын жерде табылды. Құтқарушылар оны Жусалы-Кезен асуына жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. 

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, оны анықтаумен тергеу органдары айналысып жатыр.