Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» филиалының директорын ұстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Антикор хабарлағандай, мақсатты жедел іс-шаралар өткізіліп, оның нәтижелері бойынша Алматы қаласындағы ауруханаларда, мектептерде және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерде қазандықтарды қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға оң қорытындылар беру кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды.
«Биылғы 27 қазанда бұрын келісілген 73,5 млн теңгеден 12,2 млн теңге сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Солтүстік өңірі бойынша «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК филиалының директоры әшкереленді», - делінген хабарламада.
Параның бір бөлігін берген шенеунік пен компанияның құрылтайшысы сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.