homepage
Видеодан кадр

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

14.11.2024, 15:19

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы және ЖШС директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАНЫ ҮШІН ПАРА АЛҒАН

«Аудан әкімінің орынбасары және аудандық ТКШ бөлімінің басшысы аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін, ал ЖШС директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы – 7 жылға, ЖШС директоры – 3 жыл 6 айға сотталды.

Бұдан басқа, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.