Астанада қазақ YouTuber-лері бас қосты. Ортақ ой-талқыға оқырманға мазмұнды жобаларымен танылып үлгерген журналистер және танымал You Tube-арналардың басшылары келді. Олардың әрбірінің арнасында мыңдаған оқырманы, мойындаған аудиториясы бар.
Журналистер бұл кездесуінің мақсаты мен миссиясын ең әуелі қазақ аудиториясына сапалы контент ұсыну ниетімен байланыстырады. Қазақ қоғамы кейінгі жылдары ақпаратты мәтін немесе видео форматта болсын талғаммен тұтынып, сөз ұстаған тілшілерге талабы күшейіп келе жатқанын YouTuber-лердің қай-қайсысы да атап өтеді. Нарық та қазақ тілді ортаға бейімделіп келеді. Мақсаты ортақ журналистерді осындай мазмұнды әңгімені жиірек өткізу ниеті тоғыстырып отыр.
Қазақ YouTuber-лері мүдделерін біріктіріп, алға қадам басуды көздейді. Ізгі бастамаға әрбірі өз үлесін қосуға барын салмақ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.