homepage

Өсім минусқа кеткендер: 7 өңір салық төлеушілерден айырылып жатыр

11.09.2024, 09:33

ХАЛЫҚ АСТАНАҒА АҒЫЛЫП ЖАТЫР

Әсіресе, Түркістан өңіріндегі жағдай ерекше. Миграция көрсеткіші теріс сальдо, яғни көшіп келушілерге қарағанда көшіп кетушілер көп. Жыл басынан бері 15 625 адам көшкен, ал табиғи өсім (туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық) 25 377 адамды құрайды. 

2024 жылы ел ішінде қоныс аударушылар саны 2,2 есе өскен. Бас қалаға 37,7 мың адам, Алматыға 22,6 мың адам келген. Бұлар тек ресми тіркелгендер ғана. Аймақтық бөлініспен қарасақ, көпшілік тұрғындар Астана мен Алматыдан бөлек Шымкент қаласына және Алматы облысына барады.

КӨШІ-ҚОНҒА ҚАРАМАЙ ХАЛҚЫ ӨСІП ЖАТҚАН ӨҢІРЛЕР

Көшіп кеткендер санына қарамастан Түркістан мен Маңғыстау облыстары халық саны өсімі бойынша бәрібір алда.

Халықтың жалпы өсімі (табиғи өсім + миграция сальдосы) 148,2 мың адамды құрайды. Аймақтар бойынша көшіп кеткендер мен көшіп келгендер статистикасы төмендегідей:

  • СҚО – 4 696
  • Қостанай облысы -2492
  • Абай облысы -2126
  • Жетісу облысы -1398
  • ШҚО -1387
  • Павлодар облысы -804
  • Карағанды облысы -763
  • Ұлытау облысы +36
  • Ақмола облысы +888
  • Жамбыл облысы +1032
  • БҚО +2054
  • Қызылорда облысы +3419
  • Атырау облысы +4590
  • Ақтөбе облысы +6369
  • Түркістан облысы +9752
  • Маңғыстау облысы +10762
  • Алматы облысы +16061
  • Шымкент  +19743
  • Алматы +35824
  • Астана +51297

ШЕТЕЛДЕН ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР САНЫ АРТТЫ

Биылғы алты айдағы халық өсімі былтырғымен салыстырғанда аз. 2023 жылы (қаңтар-маусым) халық өсімі 125,9 адам болса, биыл бұл көрсеткіш 118,6 мың адамды құрайды. 
Алты ай ішінде елімізде 184,7 мың бала туған. Ең көп нәресте Маңғыстау облысында (1000 адамға шаққанда 24,80), Түркістан (24,78) және Шымкентте (23,55) тіркелді. 

Биыл елге сырттан қоныс аударғандар саны көбейген. 2023 жылмен салыстырғанда шекара сыртынан көшіп келгендер 4,4%-ға артты. Олардың басым бөлігі ТМД елдерінен. Елімізден кеткендердің 77%-ы да сол ТМД елдеріне барған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.