homepage
© Sputnik / Михаил Мордасов /

Алматыда микроқаржы ұйымдарының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Juzmedia. kz
14.04.2025, 10:18

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, бірқатар заңсыз әрекетке барған микроқаржы ұйымдарының басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Атап айтқанда, «Кредитум», «Софи Финанс», «Хава Финанс», «SF Offline», «POS Credit» және «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына алаяқтық пен заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды.

Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар  Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.

«Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған», - делінген ҚМА хабарламасында.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

«МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды», - делінген хабарламала.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.