12 сәуір күні Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында Mercedes маркалы автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz krispastana телеграм каналына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілуде.
Оқиға бойынша тиісті органдармен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған факті полиция назарында.