homepage
видеодан алынған кадр

Атбасарда автокөлік төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті

13.04.2025, 12:18

12 сәуір күні Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында Mercedes маркалы автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz krispastana телеграм каналына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға бойынша тиісті органдармен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған факті полиция назарында.

 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.