homepage
Фото: freepik.com

Қарағандыда 11 машинист дизель ұрлағаны үшін сотталды

10.04.2025, 12:31

Қарағанды аудандық соты тепловоз жанар-жағар майын ұрлап, оны қайта сату дерегі бойынша 11 машинистке үкім шығарды. Олар Қарағанды пайдалану локомотив депосында жұмыс істеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, 2024 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында машинистер қызмет бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы дизель отынын заңсыз иемденіп отырған. Жол жүру барысында олар тепловоздардан 22,5 тоннадан астам жанармайды ұрлап, 7 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, қылмыстық схема жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған. Ұрланған отын кейін үшінші тұлғаларға сатылған.

Сот күдіктілердің кінәсін толық дәлелденген деп танып, оларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.