Алматы облысында орман қорықшысы мен белгісіз ер адамның арасындағы жанжал оқ атумен аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz ZTB телеграмм каналына сілтеме жасап.
Бейресми ақпарат бойынша, жанжалдың себебі – жазық далада жағылған от болуы мүмкін.
Видеодан ер адамдардың ауызша сөзге келіп қалған соң, орман қорықшысының мылтығын оқтап, сондағылардың бірінің аяғына оқ атқаны көрінеді.
Алматы облыстық полиция департаменті орманшының ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
«Қасақана денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал екі тарап арасындағы өзара келіспеушілік салдарынан туындаған», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.