homepage
Фото: instagram.com/jlo

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер қанша теңгеден сатылады

08.04.2025, 16:22

Атақты америкалық әнші Дженнифер Лопестің 1 тамыз күні Астанада өтетін концертіне билеттер 40 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін сатылымға шығады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Бұл туралы продюсерлік компания “Астана Концерттің” жетекшісі Малик Хасенов “За нами уже выехали” Telegram арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Еуропалық тәжірибені зерттей отырып, біз алыпсатарлықтың алдын алуға тырыстық. Сондықтан билет бағасын орта деңгейде ұстадық. Ең төменгі баға – 40 мың теңге, ал ең қымбат билеттер — 150 мың теңге, бұл стадиондағы отыратын орындарға арналған», — деді Хасенов.

Оның айтуынша, билет сатылымы бір-екі күн ішінде басталады. Сатылым бір уақытта төрт елде: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда ашылады. Әр елге арнайы квоталар бөлініп, турпакеттер де ұсынылмақ.

«Турпакетке концерт билетінен бөлек, ұшақ билеті, қонақүйде тұру және экскурсиялар кіреді. Біз бұл концертке 15 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп болжап отырмыз», — деді ол.

Еске сала кетейік, 8 сәуір күні Үкімет отырысында Малик Хасенов Дженнифер Лопестің Астанаға келуі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатынын айтқан еді.

«Бұл жоба толық коммерциялық негізде ұйымдастырылып отыр. Дженнифер Лопестің келуі Астананы “А” санатындағы жұлдыздардың гастрольдік картасына енгізеді деп сенемін», — деген болатын Хасенов.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.