homepage
Видеодан алынған кадр

Үш жылға қамалуы мүмкін: Түркістан облысында қызғалдақтарды жұлған әйел ұсталды

07.04.2025, 16:56

Ордабасы ауданында ерекше қорғалатын өсімдіктерді жойғаны үшін Шымкент тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әйел Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды заңсыз үзгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Otyrar-ға сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Ұялыжар ауылдық округіндегі далада Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды үзіп жүрген Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 1-бөлігі — «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктермен заңсыз әрекеттер жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында рейдтер мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аумақтарда арнайы ескерту белгілері орнатылып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарға табиғатқа ұқыпты қарау қажеттігін ескертіп, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жою немесе зақымдау — заң алдында жауапқа тартылатынын еске салады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.