homepage
Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодарда 5 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Juzmedia. kz
07.04.2025, 10:24

Павлодарда жасы шамамен 5-тердегі кішкентай бала табылды. Ол өз аты-жөнін нақты айта алмайды, ата-анасы мен тұрғылықты мекенжайын да білмейді. Қазір бала өңірлік балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Полиция жұртшылықтан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

6 сәуір күні сағат 18:06 шамасында Павлодар қалалық полициясына Академик Марғұлан көшесі, 104-үйдің жанында кішкентай ұл бала жүргені туралы хабар келіп түсті. Жас шамасы 5-тегі, азиялық келбетті бала өзін "Али" немесе "Алишка" деп таныстырған. Алайда ол ата-анасының аты-жөнін де, тұрғылықты жерін де айта алмаған. 

Полицияның мәліметінше, баланың бойы – 108 см, салмағы – 18 кг, дене бітімі орташа. Үстінде көк қалпақ, қара түсті күртеше (көк-сары маталармен тігілген), қара түсті трико болған. Баланың сөйлеген кезде кекештігі байқалды. 

Құқық қорғау органдары баламен бірге жақын маңдағы үйлер мен аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастырғанымен, оның ата-анасы немесе жақындары туралы ақпарат табу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта бала Павлодар қаласындағы Өңірлік балаларды қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша орналастырылды. 

Полиция оқиғаға бейжай қарамауға шақырып, баланы немесе оның туыстарын танитын азаматтардан 102 нөміріне немесе Павлодар облыстық полиция департаментінің Instagram @dp_pavlodar парақшасына хабарласуды сұрайды. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.