Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты істе Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы мен оның орынбасары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету келісімшарты үшін кәсіпкерден миллиондаған теңге пара алған, деп хабарлайды Juzmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.
Сот үкімімен Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконев 7 жыл 6 айға, оның орынбасары Ж. Майманов пен кәсіпкер Б. Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, Куконев пен Майманов кәсіпкер Жұмашевтен өз компаниясымен өртке қарсы қызмет көрсету туралы келісім жасау үшін бірнеше рет жалпы сомасы 7,4 миллион теңге пара алған.
«Сонымен қатар сот оларды өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырды. Арнайы атақтары да кері қайтарылды: Куконев — «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов — «азаматтық қорғаныс майоры» шенінен айырылды», - делінген хабарламада.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.