homepage
Фото: Бас прокуратура

«230 миллион теңгені қолды еткен»: Қазақстан азаматшасы Бішкектен экстрадицияланды

Juzmedia. kz
07.04.2025, 10:16

230 миллион теңге көлемінде банк шоттарынан қаражат жымқырды деп айыпталған Қазақстан азаматшасы Қырғызстаннан экстрадицияланды. Күдікті өткен жылы Алматы қаласында бірнеше адамның атынан банк жүйесіне заңсыз қол жеткізіп, олардың қаражатын "дропперлердің" шотына аударған. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Аталған тұлға 2023 жылдың маусымында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген. 

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан «дропперлердің» банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«Осы жылдың қаңтарында ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.