homepage
Бас прокуратура

Ұлытау облысында экс-шенеунік 91 млн теңге жымқырды деп айыпталды

03.04.2025, 08:48

Ұлытау облысы прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен  жымқырды деп айыпталып отыр”, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды.

07.03.2025 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.