Ұлытау облысы прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталып отыр”, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды.
07.03.2025 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.