homepage
instagram.com/01pk

Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды: шығын көлемі қанша екені айтылды

03.04.2025, 11:06

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат отырысында Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады. Материалдар енді сотқа жіберіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ТАПҚАН АҚШАСЫН ҚАЛАЙ ЗАҢДАСТЫРҒАН?

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарының мәлімдеуінше,  Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды.

"Иә, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істің аяқталғанын растай аламын. Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Сонымен қатар естеріңізде болса, қылмыстық істі тергеу барысында әртүрлі көлемдегі шығын болғанын айта кету керек. Қазіргі уақытта біз 3 миллиард теңге көлеміндегі шығын көлеміне тоқталдық", - деді ҚМА төрағасы.

Сондай-ақ Жеңіс Елемесов қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілерінің қалай жүзеге асырылғаны туралы да түсініктеме берді.

"Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыруға келетін болсақ, Қайрат Перизат " Rebel flowers"" гүл дүкенін сатып алуға ақша салған. Осылайша ол өзін бизнес-леди ретінде және бизнес кеңістігінде ақша тауып жүрген тұлға ретінде көпшілікке танытқан", - деп атап өтті ҚМА төрағасының орынбасары.

ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІК ПЕН ҚЫМБАТ БҰЙЫМДАР КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік пен зергерлік бұйымдардың тағдыры туралы журналистердің сауалына Елемесов бұл мәселемен сот айналысатынын айтты.

Бір нұсқа ретінде ол (мүлік) зардап шеккендерге (қайырымдылыққа ақша жіберген) зиянды өтеу үшін берілуі мүмкін екені айтылды.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ

2024 жылдың қарашасында «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгені ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Көп ұзамай ол сондай-ақ палестиналықтарға көмектесу үшін жиналған 200 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілікті.

Көп ұзамай Перизат Қайраттың пара-үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Кейінірек ҚМА заңсыз әрекеттің тағы бір эпизоды анықталғанын хабарлады. Ал содан кейін Перизат Қайраттың тергеу аясында 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал ақпан айының соңында Қайратқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. ҚМА оның мүгедек балаларды оңалту орталығының құрылысына қаражат жинаймыз деген желеумен қайырымдылық аукционын ұйымдастырғанын хабарлады. Іс-шараға сенімін арттыру үшін мүмкіндігі шектеулі балалар тартылған.

Наурызда «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылып жатқаны белгілі болды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.